Енді әскерде сарбаздарға консервіленген киік еті беріле ме?

1053

Сарбаздардың тамақтану нормасында консерві жоқ.  

Енді әскерде сарбаздарға консервіленген киік еті беріле ме? Фото: Baq.kz

Бұл туралы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер: "Әскерде құрғақ азық ретінде киік етінің консервісі беріледі деген жаңалық шыққанын, ведомство сарбаздардың мәзіріне киік етінің консервісін енгізу мәселесін қарастырып жатыр ма?" деп сұрады.

"Қазіргі таңда сарбаздардың тамақтану нормасында консерві жоқ. Ол жерде кәдімгі ет тамақтары. Бұл мәселе қазіргі таңда қаралып жатқан жоқ", – деді Қорғаныс министрінің орынбасары Мәжіліс кулуарында.

Асқар Мұстабеков киіктің етін жеп көрмегенін айтты. Оның сөзінше, құрғақ азық рационы министрліктің институттарымен бекітілген.

Тілшілер: "Сонда оған киік етінен жасалған консервілерді енгізу жоспарланып отырған жоқ па?" деп нақтылады. Спикер "жоқ" деп қысқа қайырды.

Айта кету керек, бұған дейін әскери бөлімшелер ЖИ бар бейнебақылау жүйесімен жаппай қамтылатынын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу