Енді әскерге баратындар электронды тіркеледі

414

Жоба 2024 жылдан бастап іске қосылады.

Енді әскерге баратындар электронды тіркеледі Фото: inbusiness.kz

Елімізде әскерге тіркеу электронды түрде жүргізіледі. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары мәлімдеді.

Жоба 2024 жылдан бастап egov.kz және "еGov" мобильді қосымшасы арқылы жұмыс істейді.

Яғни, 17 жасқа толған азаматтың құжаттары, денсаулығы туралы мәліметтер Қарулы күштердің электронды базасына енгізіледі.

Мұндай шешім әскери комиссариаттардағы ұзын-сонар кезек пен қағазбастылықтан арылу мақсатында қабылданып отыр.

"Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу процесі автоматты түрде жасалынатын болады. Негізі тіркеу процестері қаңтардың басынан наурыздың аяғына дейін жүргізіледі. Бұл жұмыстың арқасында біз мемлекет үшін 1 миллиардтан астам қаржысын және азаматтардың уақытын, колледж және мектеп, акиматтың уақытын үнемдеп отырмыз", деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу