Әскерге SMS арқылы шақырады, бармау үшін біреуге пара берудің қажеті жоқ

795

1 наурызда Астанада көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды.  

Әскерге SMS арқылы шақырады, бармау үшін біреуге пара берудің қажеті жоқ Фото: gov.kz

Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Астана қаласы қорғаныс істері департаментінің бастығы Айдын Сағынбеков айтты, депр хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2024 жылдың 30 маусымына дейін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіз жоқ.

Биыл әскер қатарын 18 бен 27 жас аралығындағы жиырма мыңнан астам ер азамат толықтырады.

Қарулы күштерге 9 000-нан астам адам, 

Ұлттық ұланға 6 000-нан астам, 

ҰҚК шекара қызметіне 3 000-ға жуық, 

Төтенше жағдайлар министрлігіне 300-ден астам, 

Мемлекеттік күзет қызметіне 300-ге жуық адам шақырылады.

Айдын Сағынбековтің айтуынша, Астана қаласынан 1 000-нан астам жігіт әскерге жіберіледі.

"Мерзімді әскери қызметке шақыру және оның белгіленген мерзімін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару қолданыстағы заңға сәйкес ұйымдастырылып, жүргізіледі. Әскерге шақырылуға тиісті ер азамттарды хабардар ету олардың тұрғылықты мекенжайына немесе жұмыс орындарына жеткізілетін дербес шақырту қағазын жолдау және 1414 қызметінің SMS-хабарламасы арқылы жүзеге асады. Шақырту қағазы болады", — деді ол.

Әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату азаматтарға электронды үкімет порталы арқылы ұсынылады.

Аталған қызметтерді көрсетуге жауапты жергілікті атқарушы органдар болып саналады.

"Әскери қызмет — әрбір жас азаматтың заңмен белгіленген міндеті. Ал әскери қызмет өткеруден жалтару барлық құқықтық салдарға әкеп соқтыратын қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті көздейтінін еске салғым келеді. Сонымен қатар әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату мәселесін белгілі бір төлем арқылы шешу жолымен көмек көрсетуге уәде беретін адамдардың әрекетінен азаматтарды сақтандырғым келеді, өйткені бұл қызметтерді жергілікті атқарушы органдар өтеусіз негізде көрсетеді. Аталған көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы нақты ақпаратты egov.kz сайтынан алуға немесе арнайы әзірленген жадынамамен танысуға болады. Олар барлық жергілікті әскери басқару органында бар", — деді спикер.

Әскердің барлық салаларына цифрлық технологияны енгізу жалғасып жатыр.

Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың есебі жергілікті әскери басқару органдарының жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік беретін цифрлық форматқа ауысты.

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және босату жөніндегі қызмет іске қосылды.

Енді азаматтар әскери қызмет өткеру мәртебесі туралы мәліметті ұсыну бойынша мемлекеттік қызметті бір де бір құжатсыз ала алады. 

Азаматтардың бұл санаты шақыруды кейінге қалдыру туралы SMS-хабарлама алады.

Бұл жүйе азаматтардың әскери есебін цифрландыру жеке байланысын қоспағанда, көптеген мәселені қашықтан шешуге мүмкіндік береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу