Енді Атырауда тоқыма және геосинтетикалық материалдар өндіріледі

985

Бұрын бұл өнімдер шетелден салып алынған.

Енді Атырауда тоқыма және геосинтетикалық материалдар өндіріледі

Атырауда тоқыма және геосинтетикалық материалдарды өндіретін цех іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жобаны "Ультрастаб-Қазақстан", "РГК-Каспий" компаниялары жүзеге асырады. Олар Қазақстан мен Ресейдің біріккен кәсіпорны болып саналады.

"Жаңадан ашылған цех екі түрлі өнім шығарады. Мысалы, " Ультрастаб-Қазақстан" тоқылған геосинтетикалық материалдарды (жол, гидротехника құрылысына, құбырлар, қойма және кешендер, қалдықтарды сақтау орындарының құрылысына арналған өнімдер), ал "РГК-Каспий" экструзиялық геосинтетикалық материалдарды (бүктелген жинақы орамдар түрінде жеткізілетін, көлік өндірісі және гидротехникалық құрылыста әртүрлі қажеттіліктегі дренаждау, қорғау, сүзу қабаттарын жасауға арналған құрылыс материалдары) шығарады", - деп жазылған облыстық баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков бұрын мұндай өнім шетелден сатып алынғанын, енді елімізде өндірілетінін атап өтті. 

"Геосинтетикалық материалдарды өндіру цехын іске қосып жатырмыз. 
Бұрын мұндай өнімдерді шетелден сатып алсақ, енді олар елімізде өндіреледі", - деді басшы.

Бұл өнімдер құрылыс материалдарының бағасын едәуір төмендетуге мүмкіндік береді. 

"Аталған жобаның іске қосылуы жоғары сапалы тоқыма және геосинтетикалық материалдарды өндіруге, импортты алмастыруға және мұнай-химия өнімдері өндірісін дамытуға, экспортқа бағытталған қайта өңделген материалдарды өндіруге оң әсерін тигізеді", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу