Енді автокөлік нөмірін қолдан жасау мүмкін болмайды

529

Арнайы қорғаныш элементтерін нөмірлік белгінің бетінен химиялық құралдармен немесе физикалық әсермен алып тастау мүмкін емес.  

Енді автокөлік нөмірін қолдан жасау мүмкін болмайды

Бұндай жаңашылдық биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"ҚР СТ 986-2022 ұлттық стандартында бұрмалаудан (қолдан жасаудан) қорғау үшін қажетті арнайы және қосымша элементтері болуға тиіс нөмірлік белгілер мен оларға арналған дайындамаларға қойылатын талаптар жазылған. Стандартты ҚР ІІМ "Ақпараттық-өндірістік орталық" РМК әзірледі және ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандартта сараптамадан өтті, биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілді", – деп жазылған хабарламада.

Бұл стандарт мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріндегі қаріптерге, сандарға және қорғаныш элементтеріне қойылатын техникалық талаптарды біріздендіруді қамтамасыз етпек.

Айта кетсек, қосымша қорғаныш элементтеріне полиция қызметкерлері мемлекеттік нөмірлердің түпнұсқалығын тексере алатын бірегей DMC кодтарын салу да жатқызылды.

"Арнайы қорғаныш элементтерін нөмірлік белгінің бетінен химиялық құралдармен немесе физикалық әсермен алып тастау мүмкін емес және нөмірлік белгінің бүкіл пайдалану мерзімі ішінде сақталуы тиіс", – деп ведомствода атап өтті.

Бұдан басқа, ҚР СТ 986-2022 қолданысқа енгізу өнімді дайындау бағасының өзгеруіне, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарға әкеп соқпайтынын хабарлаймыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу