Бұл жеңілдік қатары енді молая түседі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ республикалық маңызы бар 25 мың шақырымға жуық автожолдарды басқару жөніндегі ұлттық оператор болып саналады.
– Біз автомобилистерге арналған, сұранысқа ие мобильді қосымшалармен серіктестікті дамытуға ерекше көңіл бөлеміз. Бүгінде 2ГИС геосервисімен жаңа интеграция орнатқанымыз жайлы қуана хабарлаймыз. Енді осы сервис арқылы маршруттарды құру кезінде республикалық маңызы бар автожолдардағы ағымдағы жағдай туралы ақпарат ескеріледі, – делінген хабарламада.
Енді күн райының қолайсыздығына байланысты қай бағытта, қандай елді мекенде көлік қозғалысы уақытша шектелгені белгілі болмақ.
– Біз 2ГИС-ке күрежолдағы қазіргі ахуал жайлы мәліметті ұсына отырып, сервисті пайдаланушы жүргізушілерге өз маршруттарын тиімді жоспарлауға, жолдағы келеңсіз жағдайлардың алдын алуға және ең бастысы – діттеген жерге тез әрі ыңғайлы жетуге өз септігімізді тигіземіз. Егер автомобиль жолының белгілі бір учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылса, 2ГИС жүргізушіге ең оңтайлы балама жолды ұсынады, – деп хабарлады ҚазАвтоЖол.