Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ мен қала әкімдігі серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Енді облыс орталығын абаттандыру бойынша тың идеяларды университеттің студенттері ұсынатын болады, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.
Өскемен әкімі Жақсылық Омар студенттерге аялдамалардың, шағын сәулет пішіндері мен балалар алаңдарының жобаларын әзірлеуге шақырды.
Сондай-ақ, шаһар басшысы жыл соңында үздік жобаға конкурс жарияланатыны туралы да мәлім етті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу