Халық үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген кез келген қажетті цифрлық және әріптік белгілермен МТНБ-ны еркін таңдауды көздейтін нормалар әзірленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"5 қаңтардан бастап азаматтар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы таңдай алады. Бұл ретте, кез келген қажетті әріптік және цифрлық белгілері бар МТНБ құны 10 АЕК және 15 АЕК мөлшерінде болады (жоғары сұранысқа ие МТНБ-ны қоспағанда)", – деді ҚР ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу