Енді бағаны тексеріп, дәріханаға шағым түсіруге болады

126

Ол үшін Naqty Onim қолдану қажет.  

Енді бағаны тексеріп, дәріханаға шағым түсіруге болады Фото: gov.kz

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақтелекоммен бірлесіп Naqty Onim қосымшасында цифрлық сервисті іске қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Енді әрбір азамат дәрі-дәрмектің шекті бағасын тексеріп, сондай-ақ жоғары бағаларға шағым түсіре алады.

"2024 жылдың шілдесінен бастап Қазақстандағы барлық дәрі-дәрмектер міндетті таңбалаудан өтеді. Бұл пациенттерді жалғаннан қорғайды және зауыттан дәріханаға дейін толық бақылауды қамтамасыз етеді. Таңбалаудың арқасында тегін препараттарды заңсыз сату фактілері анықталды. Тексерулер Бас прокуратурамен бірлесіп басталды", – делінген ДСМ таратқан хабарламада.

Министрлік фармсектордан түскен салық түсімдері 24%-ға өскенін хабарлады.

Айта кету керек, бұған дейін Олжас Бектенов дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуіне тосқауыл қоюды тапсырғанын жазғанбыз. ДСМ дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасына мониторинг жүргізетінін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу