Енді байлар салықты көбірек төлейтін болады

358

Жылжымайтын мүлік құны 450 миллион теңгеден асса, мүлік салығының мөлшерлемесін ұлғайту ұсынылып отыр. 

Енді байлар салықты көбірек төлейтін болады Фото: Аргументы и факты

Құны 75 миллион теңгеден асатын жеңіл көліктерге, қымбат теңіз кемелері мен ұшу аппараттарына акциздер енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз "сән-салтанат салығы" деп аталатын тауарлардың жекелеген санаттарына жоғары салық салуды ұсынамыз. Ол үшін жылжымайтын мүлік құны 450 миллион теңгеден асатын болса, мүлік салығының мөлшерлемесін ұлғайту ұсынылады. Сондай-ақ құны 75 миллион теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге, сондай-ақ қымбат теңіз кемелері мен ұшу аппараттарына акциздер енгізу жоспарлануда. Әділдік мақсатында қымбат алкогольдік сусындар мен сигараларға 10% акциздер ұсынылады",- деді Серік Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында.

Сондай-ақ, салық төлеушілермен жұмыстың сервистік моделі ұсынылып отыр. 

"Салықтық әкімшілік жазалауды тоқтатады. "Бесіктен" шыққаннан бастап жабылғанға дейін фискалдық" сүйемелдеуді енгізуге баса назар аударылатын болады. Бұл ретте салық есептілігі 30%-ға қысқаратын болады", - деді Ұлттық экономика министрі.

Айта кету керек, Үкімет салықтарға қатысты өзінің ұстанымын айтқанын жазғанбыз. Бұдан бөлек қосылған құн салығы 16% болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу