Енді балабақшаларда бағалау жүйесі енгізіледі

411

Бұл жүйе баланың психологиялық дайындығын айшықтайды. 

Енді балабақшаларда бағалау жүйесі енгізіледі Фото: Дзен

Енді еліміздегі балабақшаларда баланы бағалау жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Информбюро-ға сілтеме жасап.

Бөбекжайдағы тәрбиешілер баланың мінез-құлқын, білімге деген ынтасын қағазға түртіп отырады. Бүлдіршін сол құжатпен мектеп табалдырығын аттайды.

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың айтуынша, балабақшаға барған балалар көбінесе мектепке дайындықсыз келеді. Ал бағалау енгізілсе, мектепке дайындай бастайды. Ал құжат баланың психологиялық дайындығын айшықтайды. Соның арқасында мұғалімдер алдына келген оқушы туралы ақпарат алады. Жаңа бастаманы бөбекжай тәрбиешілері де қолдады. Себебі бағалау ата-ананың баласына деген жауапкершілігін арттырып, баланы себепсіз қалу жағдайлары да азаяды дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу