Енді банктер АӘК алғысы келетіндердің шығыстары жайлы ақпарат береді

146

АӘК-ті 228 мыңға жуық адам алады.  

Енді банктер АӘК алғысы келетіндердің шығыстары жайлы ақпарат береді Фото: primeminister.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова енді атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде адамның табысына ғана емес, шығысына да назар аудару қажеттігін баса айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгінгі таңда әлеуметтік саясатты трансформациялау мәселесі қаралып жатыр. Бірінші кезекте – бірыңғай цифрлық платформаны енгізу. Барлық қолдау шаралары қазіргідегідей санаттық қағида бойынша емес, нақты мұқтаждық критерийлері бойынша көрсетілуі үшін. Атаулы әлеуметтік көмек бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Өздеріңізге белгілі, бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы болды. Яғни, АӘК тағайындау кезінде адамның табысын ғана емес, шығысын да есептеуге назар аударылу керектігі туралы", – деді Светлана Жақыпова.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда тиісті әдістеме бұйрықпен бекітілді. 

"Біз банк құпиясына қол жеткізу үшін үміткерлердің келісімін алу тетігін енгіздік. Екінші деңгейлі банктердің бәрі дерлік Ұлттық банктің цифрлық платформасы арқылы үміткерлердің шығыстары туралы мәліметтерді ұсынады деп күтіліп отыр және бұл деректер есепке алынады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша шамамен 40 миллиард теңге үнемделіп, бюджетке қайтарылды. Көмек шынымен мұқтаж азаматтарға ғана көрсетілді", – деді министр депутаттың сауалына берген жауабында.

Қазір АӘК-ті 228 мыңға жуық адам алса, былтырғы көрсеткіш – 330 мыңнан астам адам.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу