Енді баж салығын QR-код арқылы төлеуге болады

1354

Жаңа қызмет ХҚКО-дағы қызмет көрсету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. 

Енді баж салығын QR-код арқылы төлеуге болады

"Азаматтарға арналған үкімет" QR-код арқылы баж салығын төлеуге мүмкіндік беретін қызметті іске қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Енді қазақстандықтар смартфондары арқылы халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) QR-код арқылы: 

- жер учаскесіне актілерді дайындау және беру, 
- жылжымайтын мүлікке құқықтарды, 
- банктан қарызға алу шарты бойынша талаптар құқығын беруді, 
- кондоминиум объектісін, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, 
- жер қатынастары, жылжымайтын және жылжымалы мүліктер саласындағы және басқа да мемлекеттік қызметтер үшін төлем жасай алады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдиннің айтуынша, жаңа қызмет коронавирус пандемиясы кезінде ұзын-сонар кезектің алдын алу үшін жасалған.

"Сондықтан процестерді барынша автоматтандырып, қызмет алушыларға ыңғайлы етуге тырысып жатырмыз. Мемлекеттік қызметтер үшін QR-төлем жасау жобасы бірнеше ай бұрын іске қосылды және осы уақыттың ішінде біз тиісті құрылғыны барлық 339 халыққа қызмет көрсету орталығына орнаттық", – деді ол.

Сонымен қатар қазақстандықтар ХҚКО-да мемлекеттік қызметтердің ақысын Homebank және Kaspi.kz қосымшасында QR-код арқылы да төлей алады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу