Енді Беларусьте тіркелген көліктер Литваға кіре алмайды

255

Осыған дейін бірқатар шектеулер ғана болған еді. 

Енді Беларусьте тіркелген көліктер Литваға кіре алмайды Фото: точка

Литва 16 тамыздан бастап Беларусьте тіркелген барлық жеңіл көліктің кіруіне тыйым салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Интерфакс басылымына сілтеме жасап.

"Бұл тыйым көлік иесінің немесе жүргізушінің азаматтығына қарамастан жеңіл көліктердің бәріне қолданылады", - деп хабарлады Беларусь мемлекеттік шекара комитеті.

Литва биылғы шілдеден бастап Беларусьте тіркелген жеңіл көліктерге кіруге тыйым салған болатын. Алайда тиісті шектеулер сатуға арналмаған, жарамды визасы немесе Еуроодақ елдерінде уақытша әрі тұрақты тұруға рұқсаты бар Беларусь азаматтарының тізгініндегі көліктерге қолданылмады.

"Беларусь нөмірі бар көліктерді басқаратын адамдар заң ережелерін бұзды деп танылады әрі жауапкершілікке тартылады. Бұл айыппұл мен автокөлікті тәркілеуді білдіреді", - делінген Литва кедені таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу