Енді бес жылда ауыл ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі

1086

Еліміздегі қалалардың – 97,2%-ы, ауылдың 86,4%-ы сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесіне қосылған. Енді бес жыл ішінде елде 3 мың шақырым топтық су құбырлары салынып, ауыз сумен қамту 100%-ға жеткізіледі.  

Енді бес жылда ауыл ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, ел аумағында жалпы ұзындығы 15,5 мың км құрайтын 74 топтық су құбыры бар. Оның ішінде 13 мың км болатын 37 су құбыры республикалық меншікте. Бұл құбырлар 1,1 млн адам тұратын 608 ауылдық мекенді сапалы ауыз сумен қамтиды. Мамандардың айтуынша, әрбір ауылды, соның ішінде шалғай елді-мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су құбырларын ауыстырып, қайта құру жұмыстарын жүргізу керек. Биыл жалпы құны 2 493,8 млн.теңгені құрайтын Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Қаскелең топтық су тартқышы іске қосылған. 2013 жылы басталған жоба Экология министрлігінің көмегімен биылғы желтоқсан айында пайдалануға берілген. Сөйтіп, 100 мың тұрғыны бар Қаскелең қаласы таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. "Осы жылы жүзеге асқан тағы бір жоба - Батыс Қазақстан облысындағы Жымпиты ауылын сумен жабдықтау. Жоба құны - 2 157,4 млн.теңге. Соның арқасында екі елді-мекен ауыз сумен қамтамасыз етіліп, Сырым ауданының 10 мың тұрғыны бар 5 елді мекенінде су беру мәселесі жақсарды", – дейді мамандар.

Министрлік 2022 жылдың соңына дейін құрылысы ұзаққа созылған үш жобаны аяқтауды жоспарлап отыр.

"Үкіметтің тапсырмасымен министрлік бұрын басталып, аяқталмаған жобаларды қолға алды. Біз 2019 жылы 3 магистральді су құбырын қолданысқа бердік, биыл 1 су құбырын, ал 2022 жылға дейін тағы 3-еуі пайдалануға беріледі. Бұл 210,6 мың адам тұратын 39 ауылды сумен қамтиды", - деді Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Аяшев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу