Енді бетпе-бет жауап береді: Бишімбаев сотындағы трибунаның орны ауыстырылды

861

Бұған дейін жәбірленуші тараптың адвокаттары соттың ұйымдастырылуы мен судьяның әрекеттерін сынға алған болатын.

Енді бетпе-бет жауап береді: Бишімбаев сотындағы трибунаның орны ауыстырылды Фото: Жоғарғы сот

Жұбайын өлтірді деген күдікті, экс-министр Бишімбаев сотының кезекті отырысы 1 сәуірде жалғасын табуда. Бұған дейін жәбірленуші тараптың адвокаттары соттың ұйымдастырылуы мен судьяның әрекеттерін сынға алған болатын. Олар тіпті қарапайым сот залындағы трибунаның алқабилер қарап тұрмағанын, куәгерлердің эмоцияларын ешкімнің көрмегенін айтып шағымданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осыған орай бүгінгі сотта зал ішінде өзгеріс болған.

“Жәбірленуші тарап адвокаттарының шағымы бойынша залдағы трибунаның орны ауыстырылды. Бұған дейін техникалық жағдайларға байланысты бұл мүмкін болмады. Енді куәгерлер алқабилерге бетпе-бет жауап бере алады”, – деді сот. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу