Енді бір уақытта бірнеше несие алуға шектеу қойылады

100

Бүгін тиісті нормалар қабылданды.    

Енді бір уақытта бірнеше несие алуға шектеу қойылады Фото: azattyq-ruhy.kz

Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" заң жобасы мен оған ілеспе құжатты екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Құжатты Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева таныстырды.

Заң жобасы:

  • банктер ашу және лицензиялау тәртібіне қойылатын талаптарды кеңейтуге;
  • банк қызметіне қойылатын талаптарды, банктерге рұқсат етілетін инвестициялық және өзге де қызметті белгілеуге, сондай-ақ еншілес ұйымдарды реттеуді жетілдіруге;
  • банктерді корпоративтік басқару қағидаттарын айқындауға;
  • исламдық банк қызметін кеңейтуге;
  • банк қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қойылатын талаптарды жетілдіруге;
  • төлемге қабілетсіз банкті реттеу тетіктерін дамытуға бағытталған нормаларды қамтиды.

Заңның қорытындысында жазылғандай, жұмыс тобы аясында депутаттар: 

  • бір жеке тұлғаның бір уақытта бірнеше банкте кредит ресімдеуіне шектеу енгізуді;
  • алғаш рет кредит алған кезде биометриялық сәйкестендіруді өту үшін қарыз алушының банкке жеке өзінің келуін;
  • клиенттің келісімі болған және шығару кезінде міндетті биометриядан өткен кезде ғана банктердің электрондық цифрлық қолтаңба жасауы мен шығаруына жол беруді;
  • жүйелік маңызы бар банкке қойылатын талаптарды күшейтуді және оның мемлекетке келтірілген шығындарды өтеуге қатысуын;
  • қаржы технологияларын дамыту шеңберінде банктер мен олардың еншілес ұйымдарының инвестициялық қызметін кеңейтуді;
  • азаматтарды алаяқтықтан қорғау және кредиттік скорингтің сапасын арттыру үшін жасанды интеллектіні пайдалануды көздейтін түзетулерді енгізді.

Сондай-ақ Қаржы омбудсменінің проблемалық берешекті реттеу кезінде тек қана жеке тұлғалардың дауларын шешу функцияларын бекітуді, қарыз алушының Қаржы омбудсменінің ұжымдық реттеудің ақпараттық платформасы арқылы берешекті ұжымдық реттеуге жүгіну мүмкіндігін бекітуді көздейтін түзетулерді де бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу