Енді бұзық жастарды классикалық музыкамен тәрбиелейді

115

Алайда кейбір музыканттар бұл бастаманы қолдамады.  

Енді бұзық жастарды классикалық музыкамен тәрбиелейді Фото: BBC

Ливерпуль билігі музыканы қоғамдық тәртіп бұзушылықпен күрес құралына айналдырмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.

Қаланың бір ауданында көше шамдарына орнатылған дауыс зорайтқыштардан классикалық музыка ойнап тұр. Негізгі мақсаты тәртіпсіздікке бейім жастардың топтасуына жол бермеу делінген.

BBC агенттігінің хабарлауынша, жергілікті полиция мен Ливерпуль қалалық кеңесі осындай тәжірибеге бастамашылық жасаған. Олардың пікірінше, музыка қоғамдық тәртіпке қайшы келетін әрекеттердің алдын алуда тиімді құрал бола алады. 

Десек те, Ливерпульдегі кейбір классикалық музыканттар биліктің бұл идеясына қарсы шықты. Олар бұл классикалық музыканы қоғамның ауқатты топтары ғана жақсы көреді деген стереотипті күшейтетінін жеткізді. Сонымен қатар олар қалалық кеңес жергілікті Ливерпуль симфониялық оркестрін қаржыландыратынын да атап өтті. Бұл ұжым жергілікті тұрғындармен белсенді жұмыс істеп жатыр. Олар оркестрлік музыканы балалардың жан-жақты дамуына көмектесуге пайдаланып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу