Атап айтсақ онколог, дерматолог, кардиолог, невропатолог және хирургтың қабылдауына жазылу үшін жергілікті емханаға алдын ала хабарласасыз, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жастар денсаулық орталығындағы мамандарға да тікелей қаралуға болады.
Жылжымалы медициналық кешендердің қызметіне де жолдамасыз жүгінуге мүмкіндік бар.
"2022 жылдан бастап норма енгізілді, бірақ неге бірінші сәуірден бастап деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл ретте біз ақпараттық жүйенің, қосымша арқылы жазылудың жетілдіру жұмыстарын жүргіздік", – деді ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті басқармасының басшысы Әсел Қыдырәлиева.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу