Енді дәрігерлерге күш көрсетіп, кедергі келтіретіндерге қылмыстық іс қозғалады

149

Бас прокуратураның мәліметінше, соңғы бес жылда медицина қызметкерлеріне күш көрсетудің 200-ге жуық дерегі тіркелген.

Енді дәрігерлерге күш көрсетіп, кедергі келтіретіндерге қылмыстық іс қозғалады Фото: © EAST NEWS

Елімізде дәрігерлерге күш көрсетіп, жұмысына кедергі келтіретіндер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz ақпарат порталы. 

Дәрігерлерге қастандық жасаған азаматтарға үш жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған. Қылмыстық кодекске толықтырылған екі жаңа бап қоғам талқысына шығарылды.

Енді медицина қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіргендер 738 мың теңге айыппұл не 200 сағат қоғамдық жұмысқа тартылуы ықтимал. Тіпті 50 тәулікке қамау жазасы бар. Ал ақ халаттыларға қоқан-лоқы көрсетіп, қол көтеретіндерге 11 миллион теңге айыппұл салынады. Бұдан басқа 800 сағат қоғамдық жұмыс және 3 жыл түрме жазасы көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу