Енді дәрінің елге кіргендегі нақты бағасы көрсетілетін болады

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты. 

Енді дәрінің елге кіргендегі нақты бағасы көрсетілетін болады Фото: Life4me+

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов одан дәрі-дәрмек бағасын тұрақтандыру бағытындағы атқарылған жұмыстарды сұраған болатын, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өз кезегінде ведомство басшысы бағаның өсуіне түрткі болған шығындарды атады.

– Бағаны реттейтін нормативтік актілер бар. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтары сарапталып, қайта қаралып жатыр. Оның ішінде дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуіне жол беретін шығындар анықталды. Бұл тұрғыда маркетингтік шығындар 30 пайызға дейін, тағы 15 пайызы логистикаға қарастырылған. Осының барлығына оптимизиция жасау ескерілген. Қазір тиісті бұйрық жауапты мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр, жыл аяғына дейін оған қол қойылады, – деді А.Әлназарова.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, 20 тамызда дженерик және түпнұсқа дәрі-дәрмек арасындағы баға айырмашылығына қатысты тәртіп енгізілген, демек дженериктің арзан болуы шарт.

Сонымен қатар, шетелден келетін дәрілік заттардың бағасын реттеу үшін Денсаулық сақтау министрлігі ақпараттың жүйесін Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер органындағы "Кеден" бағдарламасымен интеграция жұмыстарын бастаған. Яғни, келер жылдан бастап интеграция толық аяқталса, импорттық өнімнің елге нақты қай бағамен кіргенін көруге болады. Бұл бағаны тұрақтандыруға өз септігін тигізбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу