Бұдан былай депутаттардан сұхбат пен пікірді тек баспасөз орталығында алу қарастырылып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы Құрылтай аппараты басшысының орынбасары Болат Кальянбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен жұмыс істеудің жаңа форматы әзірленіп жатыр.
Бұған дейін журналистер Құрылтай отырыстары кезінде кулуарда депутаттарды тоқтатып, түрлі мәселелер бойынша сұрақ қоя алатын. Жаңа тәртіп енгізілсе, мұндай мүмкіндік шектелуі ықтимал. Қазір жаңа форматтың нақты қалай жүзеге асатыны әзірге белгісіз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу