Енді диссертацияны онлайн қорғауға болады

695

Пандемия кезінде әлемдік Оксфорд, Кембридж, Гарвар сынды алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындары алғашқылардың бірі болып осы форматқа көшті. 

Енді диссертацияны онлайн қорғауға болады

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook желісіндегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлады inbusiness.kz порталы. 

"Ғылыми жұмысты қорғау процедурасы интернет желісі арқылы тікелей эфирде жүргізіледі. Яғни диссертацияны қорғау рәсімі толығымен ашық форматта өтеді. Ендігі кезекте ғылыми және академиялық қауымдастықты белсенді болуға шақырамын. Кез-келген ғылыми зерттеулермен танысып, докторанттардың жұмысына ашық пікір қалдыра аласыздар", – деді министр. 

Енді ел азаматтары диссертацияны онлайн форматта қорғай алады. 

"Бұл – әлем бойынша кеңінен пайдаланылып жатқан тәжірибе. Пандемия кезінде Калифорниядағы Беркли университеті, Оксфорд, Кембридж, Гарвард, Сингапур Ұлттық университеті және басқа да оқу орындары алғашқылардың бірі болып диссертацияны қорғауды онлайн форматта өткізген еді", – деді ведомство басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу