Енді дрондар шалғай ауылдарға төрт келі жүк жеткізетін болады

899

Енді дрондар шалғай ауылдарға төрт келі жүк жеткізетін болады

"Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов шалғай елдімекендерге дронмен газет-журнал жеткізу сәтті жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Біз өткен жылдың қыркүйек айынан бері сәлемдеме, газеттер мен хаттарды дронмен жеткізіп жатырмыз. Қазір осындай әдіспен 30 елді мекенге газет-журнал тасимыз, әсіресе шалғай, таулы жерде орналасқан ауылдарға. Бүгінде 1,5 тонна жүкті дронмен жеткіздік", — деді ол ОКҚ-де өткен брифингте. 
Сәрсеновтің айтуынша, қазір "Қазпоштада" 10 дрон бар. Бірақ компания оларға бір тиын да ақша жұмсаған.
"Біз сервистік модельге көштік, яғни бұл дрондарды сатып алған жоқпыз, біз тек оларды сервис ретінде сатып алып отырмыз. Яғни әр ұшқаны үшін ақша төлейміз. Бұл біз үшін тиімді, өйткені кей кезде екі келі газет үшін 150 шақырымдық таулы өлкеге бір машинаны жөнелту керек болып жатады. Ал дронмен бәрі жылдам, екі келіні көтеріп, таудың үстімен ұшып барады", — дейді басқарма төрағасы. 
Ол таяу арада компания төрт келі жүк көтере алатын дрондарды іске қосатынын мәлімдеді. 
"Қазір компанияның еншісіндегі дрондар екі келі жүкті көтере алады. Қазір төрт келіге дейін көтеруге қауқарлы дрондарды сынақтап өткізіп жатырмыз. Жуық арада оларды іске қосамыз", — деді Сәрсенов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу