Енді егін өнімдерін шаруалар арнайы сайт арқылы сата алады

737

Енді егін өнімдерін шаруалар арнайы сайт арқылы сата алады

Қостанайлық кәсіпкер егін өнімдерін сайт арқылы сата алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл Қостанай облысында астық бітік шықты. Диқандар алқаптардың 80 пайызын орып бітті. Олар гектарына 11 центнерден өнім алды. Жоспар бойынша 5 млн тонна бидай қамбаға құйылмақ. Енді егін өнімдерін шаруалар арнайы сайт арқылы да сата алады.

Қостанайлық кәсіпкер Дмитрий Бажутов ойлап тапқан жаңа сайт ақпараттарды жедел жариялап, кәсіпті дамытып, дөңгелетуге арналған. Қазірдің өзінде сайтқа 9 мыңнан астам хабарлама енгізілген. Әлемнің 79 елінен 12 мың желі қолданушысы сайт жұмысымен танысып үлгеріпті.

Көптілді жүйе қазақстандық ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерге шетелдік әріптестерімен тығыз байланыс орнатуға зор мүмкіндік береді.

"Сайтқа қытай тілін енгізу де жоспарда бар. Сондай-ақ, араб тіліндегі нұсқасы жасалады. Қазірдің өзінде орыс тілінде жарияланған хабарламаны ирандық, ауғанстандық қолданушылар өз тілдерінде оқып отырады", - деді сайт авторы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу