Енді eGov Mobile арқылы әскери қызмет туралы мәліметті көруге болады

222

Қазақстандықтар eGov Mobile қосымшасы арқылы әскери қызмет туралы деректерді ала алады және жібере алады.  

Енді eGov Mobile арқылы әскери қызмет туралы мәліметті көруге болады Фото: Bluescreen.kz

Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Енді пайдаланушылар өздерінің әскери қызметке шақырылу мәртебесі мен әскери қызметке шақыру туралы ақпаратты смартфонынан тікелей қарап, бөлісе алады.

Ақпаратқа сәйкес, қосымшаның жаңартылған нұсқасында екі жаңа цифрлық мәліметтер қолжетімді:

1. Әскери қызметке шақыру туралы ақпарат – азаматтың шақыру мәртебесі, сондай-ақ шақыру мерзімі туралы толық деректер;

2. Әскери қызметке қатысуға қатысты мәліметтер – азаматтың әскери міндеттілік мәртебесі туралы өзекті ақпарат.

"Азамат өз мәліметтерін ЖСН, компанияның БСН-і немесе мобильді азаматтар базасына тіркелген телефон нөмірі арқылы өз бетінше жібере алады. Сонымен қатар, деректерді жұмыс берушінің тікелей сұрауы салуы бойынша да жіберуге болады. Ол үшін жұмыс беруші ЖСН немесе телефон нөмірі арқылы сұрау салу жібереді. Содан кейін пайдаланушы хабарлама алады және сұрау салуды растайды немесе оны кері қайтарады", – деп хабарлады компания.

Сервисті пайдалану үшін eGov Mobile қосымшасында авторизацияланып, "Мәліметтер" бөліміне өту қажет. "Тарих" бөлімінде мәліметтерге қолжетімділік беруге келген сұрау салулармен танысып, мәліметтерді беруге рұқсат беру немесе сұрау салуды қабылдамау батырмасын басу керек. Бұдан бөлек бұрын берілген мәліметтерді "Қайтарып алу" батырмасын басу арқылы қайтарып алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу