Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы шетелден тауарға тапсырыс беруге болады

239

eGov Mobile мобильді қосымшасында "Qazpost" онлайн сервистері қолжетімді болды.

Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы шетелден тауарға тапсырыс беруге болады Фото: azh.kz

Енді қазақстандықтар шетелдік маркетплейстерден тауарға тапсырыс беріп, кедендік құжаттарды рәсімдей алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" ақпаратынша, "Qazpost" сервисі халыққа Amazon, AliExpress сияқты әлемдік жетекші платформаларда тауар сатып алуға мүмкіндік береді. Сервистердің ішіне екі бағыт кіреді: Keruen дропшиппинг – АҚШ, Еуропа және Қытайдан жеткізу және Keden – кеден декларациясы.

"Keruen – шетелдегі дүкендерден жеткізу" бөлімінде сәлемдемені жеткізу құны мен мерзімі көрсетіледі. Бұған қоса пайдаланушы Қазпоштаның сәлемдемелерін бақылап отыра алады.

Ал "Keden – кеден қызметтері" бөлімінде бажды есептеу және жиі қойылатын сұрақтармен танысу мүмкіндігі бар. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін іздеу жолағы қарастырылған, онда сәлемдеменің трек нөмірі немесе телефон нөмірі бойынша бұрын жіберілген өтінім туралы толық ақпарат алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу