Енді электр беру желілеріндегі ақауды дрон мен жасанды интеллект анықтайды

231

Министр нақты екі кейске тоқталды.

Енді электр беру желілеріндегі ақауды дрон мен жасанды интеллект анықтайды Фото: Pixabay.com

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов салада жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселесі белсенді түрде пысықталып жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осы жылы екі жасанды интеллект шешімі пилоттық апробациядан сәтті өтті. 

"Бірінші кейс – дрондар мен жасанды интеллектіні қолдана отырып, әуе электр беру желілерінің ақаулықтарын тексеру (дефектоскопия) жүйесі. Күтілетін экономикалық тиімділік – шығындарды азайту есебінен 2,5 млрд теңге. Екінші кейс – роботтандырылған кешен мен жасанды интеллектіні қолдана отырып, жылу желілерінің құбырішілік дефектоскопиясы. Күтілетін экономикалық тиімділік жөндеу жұмыстарын тиімді жоспарлау есебінен 42 млрд теңгені құрайды", – деді ведомство басшысы.

Ерлан Ақкенженовтің сөзінше, аталған екі кейс те қазір нормативтік бекіту және өнеркәсіптік масштабтау кезеңінде тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу