Енді елімізде атаулы әлеуметтік көмекті жасанды интеллект тағайындайды

214

Жасанды интеллекттің шешімдері әкімдіктер үшін ұсынымдық сипатта болады.

Енді елімізде атаулы әлеуметтік көмекті жасанды интеллект тағайындайды Фото: Plisio

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин елімізде енді атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) жасанды интеллект тағайындайтынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Вице-министрдің айтуынша, бұл мақсатта 90%-дан жоғары дәлдік көрсеткен Random Forest Classifier моделі қолданылып жатыр.

Бірінші кезеңде жасанды интеллекттің шешімдері әкімдіктер үшін ұсынымдық сипатта болады. Екінші кезеңде өтініштердегі фото және видеоны талдау үшін компьютерлік көру технологиясын қосу жоспарлануда.

Үшінші кезеңде жүйе қиын жағдайға тап болған отбасылар үшін жеке көмек жоспарларын құратын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу