Енді елімізде экологиялық ахуалды жақсарту үшін қатты қалдықтар өңдейтін 94 жоба іске асады

177

Бұл мақсатқа 180 млрд теңге бөлінді. Оның 2,2 млрд теңгесі Жамбыл облысына арналған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Енді елімізде экологиялық ахуалды жақсарту үшін қатты қалдықтар өңдейтін 94 жоба іске асады Фото: BAQ.KZ

Қаржыға қалдық өңдейтін 3 кешен салынбақ. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі өңір тұрғындарымен кездесу барысында айтты

Жалпы бір ғана Тараздың өзінде жылына 20 мың тоннаға жуық қатты қалдық шығады. Алайда оны өңдейтін кәсіпорын жоқ. Соның салдарынан полигонда 2,5 млн тонна қоқыс жиналған. Жоба жүзеге асқан жағдайда қоқысты 30% азайтуға болады.

"2,2 млрд теңге бөлініп жатыр. Біз соған сенеміз. Тараз қаласында 3 сұрыптау зауыты салынса, контейнерлер жақсы болса, жаңа контейнерлер қойылса, ол экологиялық мәселелерді шешуге септңугіңн тигізеді. Тараз қаласының экологиялық ахуалы жақсы болады деп ойлаймыз", – деді Мансұр Ошурбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу