Енді елімізде молдалардың бәрі бірдей уағыз айта алмайды

7350

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Енді елімізде молдалардың бәрі бірдей уағыз айта алмайды Фото: ҚМДБ

Астанада өткен алғашқы уағызшылар форумында жамағатқа адал мен арамның ара жігін ажыратып, жалпақ жұртқа уағыз айтатын молдалардың тұғырнамасы бекітілді.

Елді адастырып, теріс жолға бағыттаған діни қызметкерлердің, уағызшылардың жолы кесіледі. Ал әлеуметтік желіде "домбыра – харам", "салт-дәстүрден алшақ жүрейік" деп кеуде соққандармен діни басқарма түсіндірме жүргізіп жатыр.

"Аллаға шүкір, біздің елден, біздің топырақтан әлемге әйгілі үлкен дін ғалымдары шыққан. Осы ата-бабамыздың еңбегінің арқасында қазіргі дәстүрлі ислам мен ұлт құндылықтары сабақтасып кеткен. Сондықтан ата-баба жолынан жалғасып келе жатқан салт-дәстүрімізді сақтап қалу мақсат", – дейді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу