Енді елімізде өз SIM-картасын біреуге бергендерге айыппұл салынбақ

805

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Енді елімізде өз SIM-картасын біреуге бергендерге айыппұл салынбақ Фото: canva.com

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекс өздерінің абоненттік нөмірін үшінші тұлғаға берген қазақстандықтарға айыппұл салынатын тармақпен толықтырылады.

Себебі шетелдік алаяқтар қазақстандық ұялы компаниялардың нөмірлерін қолдана бастаған. Бұл оларға біздің азаматтарымызға кедергісіз қоңырау шалуға мүмкіндік береді. Ал бұл кейбір қазақстандықтардың сыйақы үшін электрондық SIM-карталарды өздеріне рәсімдеуінің, содан кейін оларды алаяқтарға беруінің кесірінен болып отыр. 

"Қазір бұл олқылықтар реттелуде. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 637-бабы осындай әрекеттер үшін құқықтық жауапкершілікті көздейтін 18-тармақпен толықтырылады. Жеке тұлғалар үшін айыппұл 50 АЕК-ке дейін болады (2023 жылы 172 мың теңге)", - деді Игорь Лепеха.

Бұған дейін абоненттік нөмірді басқа адамдарға заңсыз бергені үшін жауапкершілік болған жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу