Енді Астанада "Сергектің" орнына араб инвесторының жүйесі орнатылады

265

13 наурызда Sergek пен қалалық әкімдіктің арасында жасалған келісімшарттың мерзімі аяқталады.

Енді Астанада "Сергектің" орнына араб инвесторының жүйесі орнатылады Фото: canva.com

Астанада Sergek орнына араб инвесторының жүйесі орнатылмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әкімдіктің ақпаратына сәйкес, іске қосылатын жасанды интеллект негізіндегі қала инфрақұрылымын басқару жүйесінің бес жылдық қызмет көрсету құны 40 млрд теңге болады.

Айта кету керек, осыған дейін "Сергек" Астанадан кетіп жатқанын жазғанбыз.

Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Дидар Сүлейманов 2017 жылдан бастап Астанада Sergek жобасы жүзеге асырылғанын айтты.

"Биылғы 13 наурызда келісімшарттың мерзімі аяқталады. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында және жобаны одан әрі дамыту үшін біз халықаралық Presight компаниясымен бірге жасанды интеллект негізінде қала инфрақұрылымын басқару жүйесін іске асыратын боламыз. Жаңа жобаны құру кезінде қазіргі жобаның олқылықтары ескерілді", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу