Енді емханаларға Face-ID арқылы кіреміз

196

Астанадағы республикалық емханалардың бірінде пилоттық жоба іске қосылды. 

Енді емханаларға Face-ID арқылы кіреміз Фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова "24KZ" телеарнасына берген сұхбатында денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметті бұрамалаудың (жалған құжат толтыру) алдын алу бойынша қабылданып жатқан жаңа шаралар туралы баяндады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жалған құжаттармен күрестегі негізгі құрал – науқастарға медициналық қызметтерді көрсету фактісін растайтын Face-ID енгізуді қоса алғанда басқа да цифрлық технологиялар болмақ. 

Министрлік Астанадағы бастапқы медициналық-санитарлық көмек бойынша республикалық емхана базасында пилоттық жобаны іске қосты. Жоба аясында науқастар Face-ID мен веб-камера көмегімен жеке басының сәйкестігін анықтайтын болады, бұл оларға көрсетілген қызмет туралы деректердің бұрмалануына жол бермеуге септік етеді.

"Осы жылдың соңына дейін біз Астанада пилоттық жобаны іске қосамыз, ал 1 қаңтардан бастап оны бүкіл республика бойынша ауқымын кеңейтіп таратуды жоспарлап отырмыз. Бұл жалған құжат толтыруды түбірімен жоқ қылатын тиімді құрал болады", - деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

Биометриялық жеке бас сәйкестігін анықтау жүйесі көрсетілген қызметтерді нақты тіркеуді қамтамасыз етеді, бұл науқастардың дәрігерге қаралуы туралы жалған есеп жазуға мүмкіндік бермейді, сәйкесінше бюджет қаржысының да, сақтандырылған азаматтардың жарнасының да мақсатсыз жұмсалуының алдын алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу