Енді есірткі саудасымен айналысқандар өмір бойына сотталады

200

Қызмет бабын пайдаланып, қылмыс жасағандарға да жаза қатаңдатылмақ.

Енді есірткі саудасымен айналысқандар өмір бойына сотталады Фото: Известия

Сенат кейбір заңнамалық актілерге есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзутелерді мақұлдады. Заң Президентке жолданады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қылмыстық кодекстің 297-бабында есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу қылмыстарының бірқатары үшін жаза мерзімдері 2 жыл мерзімге, ал кейбіріне – 3 жыл мерзімге төмендету арқылы өзгертіледі. Аталған қылмыстар құрамы үшін мүлiктi тәркiлеу қосымша жазасы Қылмыстық кодексiнің 297-бабының барлық бөліктерінде сақталады. Қылмыстық кодекс, есірткі бизнесін ұйымдастырушылар мен есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестерді өндірушілер үшін жауапкершілікті белгілейтін жаңа 297-1-баппен толықтырылады, олардың жазасы бас бостандығынан айыру мерзімін өмір бойына дейін  ұлғайту арқылы күшейтіледі",  деді депутат Наурызбай Байқадамов.

Бұдан басқа Қылмыстық кодекстің 297-1-бабында қызмет бабын пайдаланып қылмыс жасаған лауазымды адамдар үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. 

"Бұдан басқа, құрамында есірткі бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді қылмыстық топпен және аса ірі мөлшерде заңсыз егіп-өсіргені үшін қылмыстық жауаптылық  ұсынылады. Заңда Қылмыстық кодекстің 301-бабын толықтыру арқылы, елдің ішінде күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы мен өндірісі үшін жауапкершілік белгілеу  көзделеді. Қолданыстағы Қылмыстық кодекс нормаларына сәйкес, қазіргі уақытта олардың контрабандасы үшін ғана жауапкершілік қарастырылған. Прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттардың кең заңды айналымын ескере отырып, оларды қолдану ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті қосу ұсынылады",  деді сенатор.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу