Енді Еуропа елдерінен пана табу қиындайды

218

ЕО елдері Еуропарламенттің босқындарға пана беру ережелерін едәуір қатаңдату туралы шешімін растады. Заңнама ЕО-ға келетін заңсыз иммиграцияны шектеп, Италия мен Грецияға түскен ауыртпалықты азайтуды көздейді. 

Енді Еуропа елдерінен пана табу қиындайды Фото: Риа Новости

Он жылға жуық пікірталастан кейін Еуропалық Одақ көші-қон заңнамасының реформасын бекітті, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

ЕО елдері Еуропарламенттің жалпы Еуропалық пана беру туралы заңнаманы (Geas) едәуір қатаңдатуды көздейтін он қаулы пакетін растай отырып, ресми шешім қабылдады.

Жаңа ережелер ЕО Ресми журналында жарияланғаннан кейін күшіне енеді. Содан кейін Еуропалық Одақ елдері екі жыл ішінде ұлттық заңнаманы сәйкестендіруге міндетті болады. Реформа салыстырмалы түрде қауіпсіз елдерден келген мигранттар үшін ережелерді қатаңдатады. Сол арқылы ЕО-ға заңсыз иммиграцияны шектеу, Италияға, Грецияға және заңсыз көші-қонның негізгі бағыттарына түскен ауыртпалықты азайту көзделеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу