Енді тіркеу тек онлайн eGov.kz порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы рәсімделеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, халыққа қызмет көрсету орталықтары тұрғылықты жер бойынша тіркеу және тіркеуден шығару қызметін тоқтатады.
Азамат онлайн өтінім береді:
- ЭЦҚ немесе SMS-пароль арқылы растайды;
- Өтінімнің статусын жеке кабинеттен бақылайды.
Қызметті пайдалану үшін:
- Жарамды ЭЦҚ немесе мобильді азамат мәртебесі;
- Жеке кабинетке тіркелген телефон нөмірі қажет;
- Мемлекеттік жалдамалы пәтерлерге шектеу.
Жаңа жүйе мемлекеттік жалдамалы тұрғын үйге тіркелу талаптарын күшейтті:
- Енді тек жалдау шартында көрсетілген адамдар ғана тіркеле алады;
- Бұл тізімде жоқ азаматтардың өтінімі автоматты түрде қабылданбайды;
- Ерекше жағдайлар.
Шектеу келесі жағдайларға қолданылмайды:
- Тұрғын үйдің иесі немесе ортақ иесі – кәмелетке толмағандар
- Азамат сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу