Енді ХҚКО-ға бармай-ақ, тұрғылықты жер бойынша тіркелуге болады

1864

Енді ХҚКО-ға бармай-ақ, тұрғылықты жер бойынша тіркелуге болады

"Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу" автоматтандырылған қызметі іске қосылды, деп хабарлайды egov.kz.  

Осы қызмет ҚР азаматтары үшін 2018 жылғы 25 ақпаннан бастап www.egov.kz электрондық үкімет порталында іске қосылған және қолданыста. 

Бұрын азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркелуге өтінім берген кезде, өтініш толтырып, оған ЭЦҚ арқылы қол қойып, содан соң өзінің жаңа мекенжайын жеке куәлік чипіне жазғызу үшін, деректер ҚР ішкі істер министрлігінің ХҚТ ТП (- "Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті) деректер қорына түсу үшін хабарламаны ХҚКО-на өзі ұсынушы еді.

Енді өтінім egov.kz порталы арқылы берілгеннен кейін, пайдаланушыға ХҚКО-ға жүгінудің қажеті жоқ, өйткені деректер ХҚТ ТП-ге автоматты түрде түседі. Қызмет көрсету нәтижесін пайдаланушы 15 минуттан кейін "Жеке тұлғаның мекенжай деректерін тексеру" немесе "Мекенжай анықтамасын алу" қызметтерін қолданып, онлайн режимінде көре алады.

Бүгінгі таңда egov.kz сайтында осы қызметтің деректері "Азаматтарға" - "Азаматтық, миграция және иммиграция" - "Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау" бөлімінде орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу