Енді Илон Маск Трамппен бірге жұмыс істемейді

204

Жақында ол АҚШ әкімшілігінен кетеді. 

Енді Илон Маск Трамппен бірге жұмыс істемейді Фото: РБК

Миллиардер және Үкімет тиімділігі департаментінің (DOGE) басшысы Илон Маск АҚШ әкімшілігіндегі өкілеттігі аяқталып жатқанын мәлімдеді. Ол президент Дональд Трампқа алғыс айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы Маск өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Арнайы мемлекеттік қызметкер ретіндегі өкілеттігім аяқталып келе жатыр. Маған федералды шығындарды қысқартуға мүмкіндік бергені үшін президент Трампқа алғыс білдіремін", - деп жазды ол.

Оның сөзінше, DOGE миссиясы мемлекеттік басқарудың барлық органдарында өмір салтына айналатындықтан, уақыт өте нығая түседі.

Жақында Илон Маск Ақ үй басшысының салық пен бюджет туралы заң жобасын сынға алған болатын. Миллиардер бұл құжат шығындарды азайту мақсатына қайшы келетінін айтты.

Трамп лауазымына кіріскеннен кейін Маск арнайы мемлекеттік қызметкер болып тағайындалған болатын. Федералды заңға сәйкес, бұл лауазымдағы қызметкерлер жылына 130 күннен артық жұмыс істей алмайды. Бұл мерзім мамыр айының соңында аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу