Енді имамдар интернет алаяқтармен күресуге көмектеспек

275

Дін қызметкерлері жамағат арасында насихат жұмыстарын жүргізеді.

Енді имамдар интернет алаяқтармен күресуге көмектеспек Фото: muslim.kz

Қазақстанның солтүстігінде интернет алаяқтармен күреске дін қызметкерлері тартылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Информбюро-ға сілтеме жасап.

Осылайша дін қызметкерлері тұрғындардың алданып қалмауының алдын алады.

Тәртіп сақшылары егде жастағы адамдар жиі интернет алаяқтардың құрбаны болатынын айтады. Ал зейнеткерлер көп жағдайда алданып қалғандарын кеш түсінеді. Сондықтан мүфтият өкілдері Алла үйіне намазға келген жамағатқа алаяқтардың қолданатын түрлі тәсілдері туралы айтады. Сондай-ақ шығынға батып, күйзеліске ұшыраған азаматтарға моральдық қолдау көрсетеді.

“Интернет алаяқтар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу біздің заманымызда қажет. Кейбір алаяқтар мұсылмандардың қатарында "иә, бауырым ассалаумағалейкум" деген секілді терминдар арқылы адамдардың сеніміне кіріп, түбегейлі өз мақсаттарына қол жеткізуге тырысады. Көбіне сол бісмилла, ассалаумағалейкум, уағалейкум ассалам деген сөздерді, арабша сөздерді пайдаланып, адамдардың, әсіресе мұсылмандардың жамағаттарына жақын болуға тырысады”, – дейді Қызылжар мешітінің имамы Мұхаммед Абдулла.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу