Жаңа оқу жылында еліміздің мектептерінде информатика пәні 3 сыныптан бастап оқытылмақ. Бұл туралы білім және ғылыми министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеп етті, деп хабарлайды altaynews.kz.
Айта кетсек, информатика 2014 жылға дейін 7 сыныптан оқытылатын, 2014 жылдан бастап 5 сыныптан оқыту енгізілген еді. Ал енді бұл пәннің қыр-сырын оқушылар бастауыш сыныптарда меңгере бастайды.
"ҚР білім және ғылым министрімен бекітілген адам капиталын дамыту бойынша 2018-2019 жылдардағы цифрлық экономикаға арналған Жол картасына сәйкес, 2018-2019 жылдары информатиканы 3 сыныптан бастап оқыту қарастырылған, — деп растады ШҚО білім басқармасынан. – Бүгінгі таңда ҚР білім және ғылым министрлігінен "Информатика" пәнінің оқыту процессін реттеу бойынша нормативтік-құқықтық актілер келіп түскен жоқ".
2017-2018 оқу жылында информатика өзгеріссіз 5 сыныптан оқытылады. Ал пәнді 3 сыныптан оқытуды енгізу 2018 жылдың қыркүйек айына жоспарланып отыр екен.