Енді интернет платформа операторлары салық төлейді

228

  Олар үшін арнаулы салық режимін белгіленіп, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тарту жүзеге асады. 

Енді интернет платформа операторлары салық төлейді

 

Бүгін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексіне өзгертулер мен түзетулер енгізу туралы шешім Сенат депутаттарымен мақұлданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Заң Сенат отырысында қаралды және екінші оқылымда мақұлданды. Онда кәсіпкерлерді ғылыми жетістіктерді өнеркәсіптік пайдалануға енгізу, оның ішінде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға байланысты шығыстар бойынша салық салынатын табысты азайту жолымен ынталандыру, сондай-ақ зерттеу университеттерінің жанынан ғылыми орталықтар құру кезінде салықтық преференциялар беру шаралары көзделеді.

Заң мыналарға бағытталған бірқатар түзетулер енгізуді көздейді:
- интернет-платформа операторларын салық агенттері деп тану және олар үшін арнаулы салық режимін белгілеу жолымен платформалық жұмыспен қамту арқылы қызмет көрсететін өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне ресімдеу және тарту;
- Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану үшін мүлікке салынатын салық мөлшерлемесінің қолданылу мерзімін ұзарту;
- пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен арттыру.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу