Енді интернетте тауар сататын компанияларға "цифрлық салық" салынады

817

Бұл салықты отандық компаниялар төлемейді.

Енді интернетте тауар сататын компанияларға "цифрлық салық" салынады

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтері мен тауарларын онлайн платформалар арқылы сататын барлық шетел компаниясы Қазақстан бюджетіне қосымша құн салығын (ҚҚС) төлеуге міндетті болады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.

Келесі жылы1 қаңтарда Салық кодексінің Қазақстан аумағында орналасқан жеке тұлғаларға сатылған тауарлары, көрсетілген қызметтері үшін шетелдік интернет-компаниялардың ҚҚС төлеу жөніндегі міндеттемелері туралы нормалары күшіне енеді. 

Министрлік қызметтері мен тауарларын онлайн платформалар арқылы сататын барлық шетел компаниясы Қазақстан бюджетіне қосымша құн салығын (ҚҚС) төлеуге міндеттелетінін атап өтті.

ҚҚС мөлшерлемесі сатылған тауарлар мен қызметтер сомасының 12%-на тең. Мұның қазақстандық салық төлеушілерге қатысы жоқ.

"Төлем тәртібі өте қарапайым. Компаниялар салық салу мақсатында тіркелмейді. Оңайлатылған тәртіпте салық органдарына хат жолдап, ҚҚС төлеуге дайын екендігі туралы хабарлайды", – деді ҰЭМ вице-министрі Азамат Амрин.

Әкімшілендіру шетелдік интернет-компаниялар аударған сомалар туралы екінші деңгейлі банктердің деректері негізінде жүзеге асырылады.

Ведомствоның болжамынша, жаңа салық есебінен бюджетке жылына 2 млрд теңге түседі. 

Айта кетейік, биыл 25 қарашада сенат Салық кодексіне интернет арқылы сатылатын тауарларға "цифрлық салық" енгізуді қарастыратын түзетулерді қабылдаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу