"Қазақстанда жарияланған төтенше жағдай кезеңінде кәсіпкерлердің жұмысын интернетсіз де жалғастыруы үшін "Қазақтелеком" ISMET.kz порталын интернетсіз қолжетімді етті", - деп жазылған компанияның коммуникация департаменті таратқан хабарламада.
Қазақстандық кәсіпкерлер барлық қажетті операцияны әдеттегідей жүзеге асыра алады.
"Сондай-ақ қажет болған жағдайда ISMET.kz порталының көмегімен өтініштерді толтыру арқылы, байланыс қызметтері үшін төлемдерді уақытша тоқтатып немесе кейінге қалдыруға мүмкіндігі бар", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар порталда ШОБ субъектілері үшін "Қазақтелеком" АҚ байланыс қызметтерін қосу және ақауларды жоюға өтінімдерді беру үшін онлайн қызметі іске қосылған.