Енді Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер мемлекеттік тілден тест тапсырады

487

 АҚШ, Германия, Канада, Түркия, Ресейде осындай тәжірибе қолданылады. 

Енді Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер мемлекеттік тілден тест тапсырады Фото: Qazaqstan Media

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Көші-қон саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойылғанын білесіздер. Шынымен де, енді азаматтықты алу және қалпына келтіру үшін тест тапсыру керек. Бұл – қалыпты тәжірибе. АҚШ, Германия, Канада, Түркия, Ресейде осындай тәжірибе бар. Тесттің үш құрамдас бөлігі бар: мемлекеттік тілді, Конституцияны, Қазақстан тарихын білу. Қазір арнайы жұмыс тобын құрып жатырмыз. Бұйрық, ережелер мен тест әлі әзірленген жоқ. Оны жасайтын боламыз. Мұнда жекелеген ескертпелер бар. Бұл тестті азаматтық алуға немесе оны қалпына келтіруге өтініш берген азаматтар тапсыруға міндеттеледі", - деді ведомство басшысы Саясат Нұрбек.

Министр кәмелеттік жасқа толмаған, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тесттен босатылатынын айтты.

Айта кету керек, осыған дейін енді елімізде қазақ тілін білмейтіндерге азаматтық берілмейтінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу