Құрылтай Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңды екі оқылымда қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құжатқа 2026 жылғы 4 ақпанда Исламабадта қол қойылған. Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің айтуынша, аталған келісім ақпаратпен жедел алмасу, қауіп-қатерлердің алдын алу және жолын кесу жөніндегі шараларды келісу, сондай-ақ тұрақты әрі тиімді шараларды қамтамасыз ете отырып, құзыретті органдардың байланысын үйлестіру мақсатында әзірленді.
"Келісімді ратификациялау – өзара байланыстың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін қалыптастыруға және кеден ісі саласындағы ынтымақтастықты дер кезінде қамтамасыз етуге, оның ішінде ақпаратпен жедел алмасуды және осы саладағы ынтымақтастық жөніндегі шараларды келісуге мүмкіндік береді. Осы Келісімді іске асыру, мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды, сондай-ақ кеден заңнамасына өзгерістер енгізуді талап етпейді және мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігіне кері әсерін тигізбейді", – деді ведомство басшысы.
Айта кету керек, бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан кеден саласындағы ынтымақтастықты нығайтатынын жазғанбыз.