"Енді Қазақстан өмір сүре алмайды дегендер болды"

904

Мемлекет және қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрім Есен Елеукенмен сұхбатында тәуелсіздік алған алғашқы жылдарды еске алды. 

"Енді Қазақстан өмір сүре алмайды дегендер болды"

Егемендік аларда қандай қорқыныш болды, мемлекет қандай тәуекелге барды деген сұрақтар аясында біраз естеліктермен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Тәуелсіздік алардың алдында үлкен қобалжу болды. Президент аппаратының өзі екіге бөлінді. Жасыратын ештеңесі жоқ, "бұрынғы Одақтан айрылып қалсақ, біз қалай мемлекет боламыз" деп көбінің көңілінде сенім болған жоқ. Одақ тараған кезде осындай скептиктер көп болды. Ішіміздегі адамдардың өзі "енді Қазақстан өмір сүре алмайды" деп сенімсіздік білдірді. Бірақ нағыз патриот, білімді адамдар шын жүрекпен тәуелсіздікті қабылдап, бар күш-жігерін салып, күні-түні тынбай жұмыс істеді", – дейді Оралбай Әбдікәрім.

"Қанша сенімсіздік, күмәндер болса да, бәрінің басын қосып, топтастыруға Нұрсұлтан Әбішұлының қабілеті жетті. Ол кісі бәрін сендіре алды", – дейді экс-сенатор. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу