Енді Қазақстанда криптовалюта сатып алып айырбастауға болады

898

Қазір елімізде криптовалюта алмасу және NFT құқықтарын қорғау бойынша банктік қызметтерді реттеу жұмыстары жүргізілуде.  

Енді Қазақстанда криптовалюта сатып алып айырбастауға болады

Бұл туралы АХҚО хабарлады, деп жазды inbusiness.kz.

"Мемлекеттік органдармен бірлесе отырып,  "Астана" халықаралық қаржы орталығының криптобиржалары үшін банктік қызмет көрсету бойынша пилоттық жобаны іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Осылайша, жақын арада еліміздегі "Астана" халықаралық қаржы орталығының ресми түрде қаржылық қызметтерді реттеу комитетінен лицензия алған криптобиржасында криптовалюталарды сатып алу/сату және айырбастау мүмкіндігі туады", – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ АХҚО NFT токендерін пайдалану мүмкіндігі туралы түсініктеме берді. Орталық өз сайтында осы токендерді пайдалана отырып, жобаларды жасауға болатынын түсіндірді.

"Авторлық құқық туралы заңның жалпы ережелері NFT токендері арқылы жүзеге асырылатын жұмыстарға қолданылады", – деп түсіндірді ұйым.

Осыған қарамастан, орталық заманауи технологияларға назар аудара отырып, зияткерлік меншік саласында нормативтік-құқықтық базаны құру бойынша жұмыстарды қолға алмақ.

Еске сала кетсек, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында Binance бас директоры Чанпэн Чжао мен Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу