Енді Қазақстанда онлайн петицияға жазылған пікірлер де тексеріледі

635

Сондай-ақ әр жазбаны қадағалап, тексеріп отыратын жауапты орган да белгіленеді. 

Енді Қазақстанда онлайн петицияға жазылған пікірлер де тексеріледі Фото: freepik

Елімізде онлайн петицияға жазылған пікірлер де ескеріліп, тексеруден өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Информбюро-ға сілтеме жасап.

Жаңа өзгерістерге сәйкес ұжымдық өтінішке пікір қалдыру функциясы сақталады. Сондай-ақ әр жазбаны қадағалап, тексеріп отыратын жауапты орган да белгіленеді.

Көптің талқылауына шығарылған құжат мәтініне қарағанда уәкілетті ұйым есебінде "Ұлттық ақпараттық технолгиялар" акционерлік қоғамы бекітілмек. Олар жазылған пікірге не оның бөлігіне қатысты түскен шағымның заңдылығын анықтайды. Егер тәртіп бұзылғаны нақтыланса, бес жұмыс күнi iшiнде операторға хабар беру тиіс. Ал жауапты оператор үш күн ішінде жазбаны өшіреді не жасырып қояды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу