Енді елімізде несие алғысы келмейтін азаматтар телефон арқылы тыйым салуына болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бірінші кредиттік бюроның хабарлауынша, жаңа сервис смартфонды пайдаланбайтын немесе интернетке қолжетімділігі шектеулі тұрғындарға пайдалануға ыңғайлы болуы мүмкін.
Несиеге тыйым салу үшін 1414 нөміріне қоңырау шалып, қазақ немесе орыс тілін таңдау керек. Одан соң "Несиеге тыйым салу" деп айтып, ЖСН енгізген жөн. SMS-код арқылы әрекетті растасаңыз жеткілікті.
Бұл қызметтің көмегімен несиеге тыйым салуға, қажет болған жағдайда тыйымды алып тастауға болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу